Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
162

Дүниеде өмір сүргенім
Дүниеде өмір сүргенім
Көбейтіп достар дүрмегін,
Байыптай білген кісіге,
Ермегім емес құр менің.
Даламды кезсем, көремін
Қызықты кесте түрлерін.
Жырыма тынбай теремін
Жерімнің əсем гүлдерін.
Соларға нұқсан түсірмей,
Баға алсам болды күнбе-күн.
Əйтпесе, селкеу кісідей
Неге сеп менің жүргенім?
Жақсы иісін жұртқа таратып
Тұрса екен деймін ол əр күн.
Сіміре сонша құмартып,
Сүйсе екен деймін оны əркім!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter