file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  107


Автор: Ғали Орманов

КОСМОС ОТТАРЫ

Қара үзіп тұңғыш рет жер бетінен
Шырқауға жөнелді Юрий шек жоқ мүлдем.
Космоста жым-жырт тылсым жүзді жалғыз
Ұлындай құшағында тербетілген.
Сырларын адамзатқа ашты көктің,
Іздеген ынтығындай жас жүректің.
Сезілді ол сонша жақын жанымызға,
Бақытына жаралғандай барша көптің.
Шырқады ол шыр айналып жұмыр жерді,
Арзытпай асыраған ғұмыры елді.
Сығалап саңлауынан кейде бұлттың
Əжімді анаға ұқсас жүзін көрді:
Жер жазған көзге жылы, жанға тыныс.
Космостан қарағанда тұр тым-тырыс.
Кең əлем көрер болса, сенбес еді
Осында бар дегенге алыс-жұлыс.
Жер беті болса егерде шын осындай,
Түгі жоқ тіресетін сірə симай.
Сəулесін жалғыз күннің аймалаған
Бақыттың бар бітімі ұясындай!
Қарады соған Юрий көз ала алмай,
Кей қылық кірсіз жанын қажағандай.
Зымырап жұмыр жерді жүрді айналып,
Қуанышын құшағына орағандай...
Космосқа шықпақ еді ол əлі талай,
Тағы да нелер сырын танытқандай:
Əлі оның кең өрісі болмақ еді
Сан жұлдыз көзге күңгірт, алыстағы ай…
Жөнелді Юрий бірақ ортамыздан,
Ғарышта ізі қалды алғаш сызған.
Космостың көздеріндей маздар мəңгі
Көп оттар көгімізде ол тамызған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу