file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  176


Автор: Ғали Орманов

ШОПАН ЖҰЛДЫЗЫ

Қозғайсың қашан болсын мені шопан,
Көремін көңілге дем сені мақтан.
Ізіңнен жүріп кеткен жыр теремін
Секілді соның маған сыйың тартқан.
Адамсың аймаққа аян өрісі кең,
Мол алған сыбағаны жер үстінен.
Тау мен ой, құм мен дала ыстық саған
Бабаңның мұрасындай тері сіңген.
Өлкенің оты, суы аян саған:
Табасың жазы, қысы сая содан.
Сүйсініп шопан рахат таба алар ма
Тынысын түгел білмей, аянса одан!
Сен оның жылы жазын, суық қысын
Танисың, алған жанша құйып күшін.
Біріне боран-шашын бүлк етпейтін
Сүйенген жерге Антейше шын мықтысың!
Болары күні қандай анық саған,
Қабағы қыс пен жаздың қанық саған.
Шығарын шөптің қалай сен білесің,
Тумысы секілдісің таныс оған.
Үйірмін жастайымнан мен де төлге,
Бірге өргем, бірге жусап ержетерде.
Сонда да сенен тəсіл үйренгелі
Соғамын отарыңа əр көктемде.
Сонысын жүзе оттаған шүйгін көктің
Секілді қойдың алды бейне толқын.
Жаңғыртып ен даланы маңыраған
Қозыдай қызық төлді көрген жоқпын.
Байыптап қашан болсын соның бəрін,
Қалт қылмай көзден кенже қозыларын.
Жүресің қызығына күнде жүзіп,
Тербетіп дала толы түрлі сарын.
Тым ыстық жайың маған, батыр шопан,
Шығарды сонша сенің атыңды Отан.
Өмірін қой соңында өткізсе де,
Көрген жоқ мұның бірін байғұс атаң.
Сол атаң көрсе қазір ұл мен қызын,
Өмірін таныр еді соғұрлы ұзын.
Сөнбейтін соның жарық сəулесіндей
Жарқырап көкірегіңде тұр жұлдызың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу