file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  141


Автор: Ғали Орманов

ІЛИЯС ҚАЛАСЫ

Махметов Тұрсынға арнаймын
Көлденең таудың белінен
Көзіңді тігіп қарашы:
Етекте самсып көрінген
Ілияс ақын қаласы.
Қоңырқай қожыр үйлері
Сол еді бұрын Тас бекет.
Демесең тұрған түйдегі
Көбінің саны жоққа есеп...
Суреті қазір қаланың
Қиырдан көңіл бұрғандай.
Қарасам, ылғи боламын
Ертегі көріп тұрғандай.
Жазыла жайып іргесін
Апыр-ау, қалай тез өскен?
Орнапты нелер үй əсем
Көшеде өркеш теңескен.
Жалғаса завод орнапты
Шытырман темір құрсанып.
Дүбірі сонша салмақты,
Алады тыныс бусанып.
Ақынның асау өзені
Қадапты жұлдыз соларға.
Қадірлі жұрты тез оны
Қайырған сірə болар ма?
Жұмысқа солай жұмылған
Көресің ықылас осы елден.
Түрлері гүлдей құбылған
Өседі бірге жас өрен.
Солардың жарқын көңліндей
Алдыңда жайнап тұр мектеп.
Қаласа солар, ерінбей
Толғар ең сен де жырмен тек.
Баулыған, бағбан асырап
Жайыпты желі бау-бағы,
Жайқалса балғын жапырақ,
Еседі самал таудағы...
Жалаңаш түзге кешегі,
Жарасқан жаңа ірге сап,
Ілияс – қала осы еді
Көрінген əсем жырға ұсап!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу