file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  136


Автор: Ғали Орманов

ОКТЯБРЬ ӨРНЕГІ

Қақ жарып көк мұнарды тұрған шымқап,
Шарықтап жоғарыға шықтым шырқап.
Баладай алақанда əлдилеген
Тербейді аспанында мені бұл шақ.
Биіктен жер бетіне көз жіберсем,
Жыр түйем, жаным байып, көңілге өңшең.
Жайылған аққу, қаздай топ-топ ауыл,
Сүйкімді суреттері соғұрлы əсем.
Толғанып көз алмаймын төңіректен:
Жалғасып жатыр кесте көкжиекпен.
Өңірде өзім өскен ұлан-қиыр
Көремін заман ізін сол өрнектен.
Сахара сыланғандай той алдында,
Сан қилы тамылжып тұр бояу мұнда.
Алқаптар сап-сары ала зерге оранған,
Толғамай оны сірə қоярмын ба?
Жаралған қолдан қайта жапан біздің,
Октябрь өшпес өрнек тартқан ізін...
Қым-қиғаш қала, қыстақ қанат жайған
Тынысын сездірмейді жалтаң күздің.
Таулар тұр қабат-қабат, текше-текше;
Олар да көзге жылы тіпті ерекше...
Келеді еркелегім ел мен жерге,
Қуанып құшағында жас бөбекше!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу