Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
148

ТАУ КЕШІ
Жылжиды əрең кешкі бұлт
Ұзақ көшкен керуендей,
Таудан тауып жақсы жұрт,
Дамылдауға келгендей.
Жамырайды мұз бұлақ
Маңайыңда жарысып;
Маңырайды қозы, лақ
Мал ішінде табысып.
Одан өзге толас үн,
Тау тым-тырыс, жел тынып.
Соның бəрін шоласың
Дөң басында сен тұрып.
Биіктерде тұр шапақ
Күн асарда жиектен.
Қызыл арай, зер шашақ
Ту сықылды шың біткен.
Сол туларды көтеріп
Жүргендейсің сен бірге.
Жоғарырақ əкеліп,
Ілгендейсің сеңгірге!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇