file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  144


Автор: Ғали Орманов

ЖАСТЫҚТЫҢ ЖАЛҒАСЫ

Жастық жолда бұрылып, қалды ілеспей,
Кете бардым қара үзіп жалғыз көштей,
Дүрмегі көп, думанды қайран жастық
Елестейді көзіме əлі түстей.
Жасытпауға жанымды жазамын жыр,
Жасартпасын білемін ол бəрібір.
Күнде бірақ көңіліңді көркейтетін
Өн бойында өшпейтін бар жылы нұр.
Жаппаса да ақ шаш пен əжіміңді,
Жарылқайды қуаныш əр жылыңды,
Жұртқа сені телміртіп қоймайды əсте,
Тауысып алған адамдай азығыңды.
Өлең жазсаң, осының сəл жарығын,
Көкіректе аз болмас қалған жұғын,
Оқығанды өлеңің емірентсе,
Ол да орныңды ортадан алғандығың.
Онда саған болар ма жастық арман?
Жаныңды əлі сол шығар асыраған,
Жырыңды ылғи тамызып отырады
Жылы оттары кеудеңе шашыраған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу