Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
152

Ешкімнен ойламаймын озамын деп...
Ешкімнен ойламаймын озамын деп,
Оның да, озып алсаң азабы көп...
Алдымда жетер өрім болса əйтеуір,
Қолымды соған тынбай созамын тек.
Осылай жеттім өрлеп алпыс жасқа,
Жігіттер, ендігі ойым тіпті басқа:
Осынау өзім шыққан биігімнен
Аз демен, себім тисе артқы жасқа
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇