file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  159


Автор: Ғали Орманов

ТУЫСҚАНДЫҚ ПЕН ТІЛЕКТЕСТІК

Туғандығың сатулы болса маған,
Текке жұмсап, тер болып шаршама оған.
Жақындығы жанымды жарылқайтын
Жүрген жоқ па қасымда қаншама адам!
Солар барда, жалғыздық көрмеспін мен,
Көмегі көп көңлімді күнде өсірген.
Туғандықты таяныш санамаймын
Түбі шірік, томырық мүлде ескірген.
Жұртқа тарап дамылсыз жатса өлеңім,
Жылы лебі тербетіп шалса көңілін,
Саулығымды сыртымнан тілесетін
Жақындарым, ойлашы, қанша менің!
Өз үйіңнен бір қадам шықсаң сыртқа,
Қадірің бар, байқашы, қанша жұртқа:
Жүзіңді де жөнді ешкім танымайды
Жолыққандай қымс етсе тек ымыртта...
Отырсам да ұзамай үйімде мен,
Сөйлесемін шегі жоқ дүниемен
Тынбай тартқан соларға сыйларымдай
Жатады ұшып кеудемнен дүйім өлең!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу