file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  110


Автор: Ғали Орманов

ШЫН КӨҢІЛ

Алпысқа мені келді деп
Ардақтап жатыр ел бүгін.
Көрінер мақтан орны жоқ,
Көтердім десем ел жүгін.
Білемін, жүгім көп емес
Алыстан мұнда əкелген.
Асыппын нелер бел-белес
Атақтар бірақ əперген...
Не істедім сонда күбітіп?
Тындырдым нелер өткенде?
Жүрегін жұрттың жылытып,
Тиді ме себім көпке əлде?
Əйтеуір осы шын көңіл
Ойлантты мені қаншама.
Қуаттар қосты күнде бұл,
Қыраудай шашым болса да.
Ойласам толқып кетемін
Азымды көптей көргенге.
Аянбай қызмет етермін
Аяулы жұртым, сендерге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу