Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
232

ТУҒАН ЖЕР МАҚТАНЫ
Ешкіөлмес, Сəке, осы тау,
Өзені жеміс, алма ағаш.
Айтатын бірақ жоқ сылтау,
Көрінсе сырты жалаңаш.
Демеймін сұлу тау мұны,
Тоғай жоқ төсін ораған.
Алайда құтты бауыры
Өлеңдер үзбей тараған.
Көлденең тартқан тұтқиыл
Көнбессіз, бəлкім, сөзіме.
Дəлелі болсын, тіпті бір,
Қараңыз менің өзіме...
Биік деп жəне мақтанбан,
Орынсыз айтқан сөз арық.
Басында қар жоқ сақталған
Көрінер көзге бозарып.
Алайда мұны көп адам
Өтпейді əсте сөз қылмай.
Тартады көзді сонадан
Өлеңнің жылы жолындай!
Ешкіөлмес десе, ел біткен
Алады еске Сараны.
Осында туып, ержеткен
Ақындар талай бар əлі...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇