Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  138


Автор: Ғали Орманов

КӨҢІЛ ЖҰЛДЫЗЫ

Есімде менің Жерошақ,
Көгілдір өзек, қызғылт тас...
Ойланып енді қарасақ,
Өтіпті бір сəт ұмытпас.
Көзімді тартып сымбаты
Көріп ем сонда мен бір қыз.
Көңілдегі үміт сияқты
Күлімдеп еді көп жұлдыз.
Қасымда текке жасқанған
Қарауға батпай сол қызға.
Қалтырап тұрған аспанда
Қарап ем алыс жұлдызға...
Сақталды ма екен көңілде
Сағынышқа ұсап сол бір қыз?
Көрінер ме екен көгімде
Қарасам əлі сол жұлдыз?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу