Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
188

САРҚЫТ
Жолға шықсам кейде мен
Қош айтысып, Алматы,
Көз алмаймын бейнеңнен
Саялаған бау-бақты.
Анталаған əйнектен
Қарай-қарай көзіңе,
Əлденелер дəметкен
Түсінемін сөзіңе...
Қайта оралған шағымда
Жамырайсың қарсы алып.
Бұлағың да, бағың да
Жатады бір əн салып.
Жинап келген жырымды
Мен де соған қосамын.
Саздарыңа бұрынғы
Жалғассын деп осы əнім.
Не қиырдан гүл терген
Араңа ұқсас жайым бар.
Сарқытымды əкелген
Сен де дəйім қабыл ал!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇