Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
125

ЖАЗ ДЕМІ
Кім сүймейді шуақты
Жазғытұры маздаған.
Жылы өлеңдер сияқты
Көңіліңді қозғаған.
Масайрасып бала мəз
Құшағында көктемнің.
Төңірегің толы наз,
Тамылжиды көкте күн.
Жасаңғырап жер өңі,
Жадырайды бусанып,
Жылы күндер демі оны
Жарылқайды соншалық.
Топырақ күші тарайды
Тамырларға дым тартқан.
Жаз жыпырлап қарайды
Сансыз түбір, бұтақтан.
Көгі майса тым балғын
Көбеймеген қуаты;
Жер бетіне құлағын
Жаңа түрген сияқты.
Төңірекпен танысып,
Сырын баққан сездірмей;
Мөлдіреген таңғы шық
Қарап тұрған көзіндей...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇