Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
173

ШУАҚ ШУМАҚТАРЫ
Қарық қыла салады жаз келгенде,
Жан керегін табиғат аз берген бе?
Шуағына сүйсінген рахатыңды
Айта алмайсың жеткізіп жазғанмен де.
Несібе көп адам тек тарынбаса,
Күн көзінен алатын жалын қанша!
Дүниенің қызығын сезгендейсің
Құшағында жаның аз дамылдаса.
Сонда мені сен əсте күндемесең,
Мен де саған жақ ашып үндемес ем.
Жаз рахатын жалықпай шертер едім,
Жанымды ылғи жарылқап жырмен əсем.
Жаз құшағы қашаннан толы соған,
Қандай бақыт соны ортақ таныса адам!
Жылы күнде суықтық сақтау іште
Сүйегімнен кетпейтін намыс маған!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇