Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
370

ЕҢБЕК БАҚЫТЫ
Қаласаң мейлі қандай үй
Қиюлап тас пен шыныдан.
Қашан да маған сол ылғи
Секілді өлең, сұлу əн.
Көзімді содан ала алмай,
Қараймын күнде сүйсініп;
Қызығып тұрған адамдай
Қисынын жаңа түсініп.
Өркешін биік көтеріп
Өресің үйлер неше алуан.
Өсірген сайын көмкеріп
Секілді қала жасарған.
Өнердің оты тұрғандай
Ойыңда маздап əмісе.
Қоймайды жайнап нұрланбай
Қолыңа мейлі не берсе.
Салсаң да зəулім үй қандай
Шағың жоқ кейіп, шаршаған...
Өмірі жанға бұлданбай,
Бақыт қой солай жасаған!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter