file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  132


Автор: Ғали Орманов

ИЛЬИЧТІҢ КӨКЕГІ

Көк шалғын көл секілді көлбеп жатқан,
Екі адам белден жүзіп пішен шапқан.
Тым-тырыс тамылжыған тыныштықта
Шалғы үні сыңғырайды орай тартқан.
Төңірек секілді үнсіз сырға батқан,
Тек бұлақ сылдырайды тынбай аққан.
Құлақты оқта-текте селт еткізіп
Шығады көкек даусы тоғай жақтан.
Тігеді кенет құлақ соған Ильич,
Жоқ шығар табиғатты одан білгіш!
Үндері қалай ұқсас құйылса да,
Ильичті жаңылтпайды адам мен құс.
Тыңдайды ол, күлімсіреп ойлы көзі,
Белгілі жолдасына ол мінезі.
Дейді оған көңіліне дем бергендей;
– Көкектің мына əншіңіз нағыз өзі!..
Шілдеде шырын тамған, қызығы көп,
Шақырмай неге тынсын күндіз көкек.
Солардың жамыраған арасынан
Айнытпай таниды Ильич біреуін тек.
Сүйкімді үн мүкісі жоқ, жап-жас ғана,
Сонда да мегземейді ол басқаға...
Көкекше көк орманды мекендеген
Көзіне елестейді сарбас бала.
Данышпан кілт тоқтатып шапқан шөбін
Қайтқандай қандырғалы қосқа шөлін,
Беттейді қалтарысқа; жау көзінен
Халқының жасырғандай келешегін!..
Болғанмен ауызда аңыз, енді ертегі,
Тұр еді еліміздің сонда ертеңі.
Қауіптен соны бағып, хабарлаған
Ильичтің есен бе екен сол көкегі?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу