Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  137


Автор: Ғали Орманов

АПРЕЛЬ НҰРЫ

Апрель тағы бөледі
Өңірді гүл мен майсаға.
Ағаштар бүрлеп көгерді,
Жасарып жапан, сай-сала.
Жаныңа жылы апрель
Өмірге сонша күш берген.
Өлкеңді безеп жатыр ол,
Өрнектеп алуан түстермен.
Жоғыңды қайта жаратып,
Жарылқап жатыр ол сені.
Қуатын жерге таратып,
Құяды кейде нөсері...
Адамның жазын əкелген
Лениннің туған айы бұл.
Құшақтап гүлдер көтерген
Қуанышқа ұқсас дəйім бұл.
Береке, дəулет басындай
Сүйеді халық осы айды.
Сүйгізіп өзін осылай
Ильич те мəңгі жасайды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу