Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
116

КҮНДЕРІМ
Жарығын қиған жалғанның
Жаныма қымбат күндерім.
Жасымнан содан алғаным
Жадымда түгел тұр менің.
Аямай жұмсап өзімді,
Алдына мен де төгейін.
Жесе де қағаз, көзімді,
Жеңіледі екем демейін.
Қайыры тиер еңбектің
Қызығы сірə басылмас.
Əлі де нелер бермекпін,
Күндерім бірін жасырмас.
Солардың мен де көзіне
Қарайын деймін ұялмай.
Жиектен асар кезінде
Қалайын деймін қия алмай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter