Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  102


Автор: Ғали Орманов

ӨЛЕҢ ӨМІРІ

Ауыл маңын қыдырсам ерте, кеш мен,
Көз алмаймын ойланып Ешкіөлместен.
Ұқсайды оның кескіні əлдекімге,
Шашы ағармай бетіне əжім түскен.
Қара барқыт тау басы қашан көрсем,
Менің шашым көрінбейді ақ күмістен.
Қандай ұрпақ келсе де бауырына,
Қарсы алар деп ойлаймын сол тұрыспен.
Тау түріне қызығып тұрдым бір шақ,
Жасында оның жоқ шығар тіпті қисап!
Осы өлеңді тасына жаздым барып,
Бірге ұзақ жыл тұрсын деп өзі құсап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу