Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
166

Ақынның күні тым қиын!
Ақынның күні тым қиын!
Толғатқан жанша ол бейне.
Толтырып ойға күнде үйін,
Толғанып азап көрмей ме?
Қиынға барып қайдағы,
Қызықты сырлар термей ме?
Өнерін төгіп ойдағы,
Өлеңге сəуле бермей ме?
Сарайлар соқса өрнектеп,
Жайың жоқ əсем демеске.
Жүректі жырмен тербетпек
Содан да қымбат емес пе?
Ақынның қызық мінезі,
Жалғызбын бірақ демейді.
Жырымен келіп бір өзі
Жаныңды сонша жебейді.
Ортада жүрсе үндемей,
Өзіңдей ол да бір кісі.
Онымен ақын кімге өгей,
Жаралса ортақ мыңға ісі!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter