Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2022
114

ЖЕР ҚЫЗЫҒЫ
Былтыр да осы тауыңа
Еркелеп ем бір аунап.
Сондағыдай тағы да
Əсем гүлдер тұр қаулап.
Жер құлпыра жамылған
Гүл өрнегі не түрлі,
Тақияға тағынған
Тана-моншақ секілді.
Сол суретті көрмесең,
Жазбас едің сен оны.
Өсеріне сенбесең,
Тумас еді өлеңі.
Жер дегенің осылай,
Жыр менен күй арқауы.
Қызығы бір басылмай,
Сонша өзіне тартады.
Жатсаң кейде шалқаңнан
Шалғынында мал жайған:
Жер аймалап арқаңнан,
Күн сүйеді маңдайдан.
Сол қызуы сөнбейді
Шағыңда да қартайған.
Көңіліңді не тербейді,
Жер қызығы қалса ойдан?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter