Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  120


Автор: Ғали Орманов

АСАУҒА ТҰСАУ

Балалар мені бір кезде
Баласа кенет атаға,
Құлағым көнбей бұл сөзге,
Жорушы ем ылғи қатаға.
Өрендер қоршап өрімдей,
Отырсаң сол бір ортада,
Көзіне жұрттың көрінбей,
Бояуың бұғып жата ма?
Ақыры содан жеңіліп,
Көңілің қоймас тоқтамай...
Алады ақ шаш көндіріп,
Басыңа киген ноқтадай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу