file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  190


Автор: Ғали Орманов

Жерімнің жиһаз жүгіндей

Жерімнің жиһаз жүгіндей
Жараса біткен тауларым.
Сазы бай, сұлу үніңдей
Сезілер орман, бауларың.
Шағылған күнге найзадай,
Шыңдарға көңлімді аудардың.
Көзінде ойнап нажағай,
Көрікті қандай жауған күн!
Жанымның жазын көргендей,
Төсіңде талай аунармын.
Кеудемнен өрген өлеңдей
Көгіңмен бірге қаулармын.
Қыдырлы дала, тау мен тас,
Өлкеңде өстік мекендеп.
Қиялдап адам тауыса алмас
Қызығың сенің неткен көп!
Жүрекпен сүйсе жерін кім,
Төгіліп тұрған бəрі өлең.
Тере алсаң соны, еліңнің
Есінде сен де қалар ең!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу