Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2022
119

Екі адам ер, əйелді отыр қатар...
Екі адам ер, əйелді отыр қатар.
Өзгеше түктері жоқ көзді тартар.
Көп іздер жүздеріне салыпты тек
Сарылып ұзақ жылдар жүрген сапар.
Қалжыңы, қалпында əлі əзілдері,
Қажасқан, қар жаудырған жоқ зілдері.
Біріне бірін бөгде көрсетпейді
Беттегі бедер-бедер əжімдері.
Көргенде көп ойлаймын сондай жанды,
Көңлімді маза бермей қозғайды əрі.
Өзгерткен жарды жарға жат көрсетпей,
Тартуы табиғаттың сол ғой мəңгі.
Кешегі əсем жарың балдырғандай,
Жан көзін жарқын жүзі талдырғандай.
Сол бүгін маңайыңнан жылжып кетіп,
Қасыңда құр сүлдесін қалдырғандай...
Оны сен отырсаң да үзбей біліп,
Селкеу ой сездірмейсің бір өкініп.
Жалғанда жар көңліне қандай бақыт
Тұрғаны махаббатпен жүрек күліп!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇