Өлеңдер ✍️

КҮРЕҢБЕЛ ЖЫРЫ
Ақындар талай жыр еткен
Алдымда жатыр Күреңбел.
Көрмесе көркін суреттен,
Көмескі сөзден білер ме ел!
Мысалы тұсқа құрдыңыз
Өрнекті, жолақ көк кілем.
Төрінде тұрған зеңгір құз
Аумайды содан деп білем.
Төсіне тұтас төселген
Масаты түрі күп-күрең.
Толтыра гүлмен безелген –
Күреңбел осы деп білем.
Шығарма бірақ суреті,
Шалғынға шөгіп бір жатпай:
Самалға тосып жүректі,
Сүйсіне соны бір жұтпай,
Кеудеден өрген өлеңдей
Төгіліп жатыр сан бұлақ.
Сыртынан көріп жөнелмей,
Сырына сен де сал құлақ.
Ақындар бұрын жазғанмен,
Өтіпті онша жанаспай.
Біреулер алып жазда дем,
Кетіпті мүлде жақ ашпай.
Ойлай да ойлай осыны
Өзімше жайын түсіндім:
Күреңбел – көптің несібі,
Меншігі емес ешкімнің!
Жайлайды төрін қойшылар,
Қонысы зерлі, мұз бұлақ.
Сөзімді, бəлкім, осылар
Жеткізер шырқау жылға ұзақ!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇