Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2022
134

ҰМЫТПАС ҮНДЕР
Жамырай шықты алдымнан
Сайларда бұлақ жарысып.
Секілді қатты сағынған
Көзіме соның бəрі ыстық.
Асыға шапқан ентелеп
Ағысы, шуы əр қилы.
Айнала саған еркелеп,
Аймалап, шулап қарғиды.
Соңыңнан жəне жетпесе,
Талпына ма екен жарды ұрып?
Қараңды үзіп кеткенше
Қалады үні жаңғырып..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇