file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  116


Автор: Ғали Орманов

ШОПАНДАР АЛДЫНДА

Тойыңа келдім тағы да,
Толқытып ойлар кеудемді:
Қарайын дедім тауыңа,
Көрейін дедім сендерді.
Қалдыңдар кеше осында,
Қалқалап көзден көк белдер.
Жүргендей бірақ қасымда,
Жүректе бірге кеттіңдер.
Араңда аз күн бірге боп,
Ағайын, дос боп кетіппін.
Біріңді жат деп білгем жоқ,
Аттарыңа əбден жетікпін.
Шəлібек, Сүйін десем мен,
Ерліктің көрем келбетін.
Бəріңді бірдей төселген
Шебері көрем еңбектің.
Қоңырқай тартып тотыққан,
Түрлерің бекем балғадай.
Бақытына сендер жолыққан
Халқымыз дəйім малға бай.
Еңбекте тынбай шайқасқан
Ерлікке ырза болмас кім.
Жандары жарқын, кең, жайсаң
Сендерді ұмыта алмаспын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу