file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  134


Автор: Ғали Орманов

МҰҚТАР АҒА ЕСКЕРТКІШІ

Ақылы дария көрінген
Дидарың, Мұқа сұп-суық...
Қуана құшқан жеріңнен
Жөнелдің неге тым суыт?
Қазаңның қайғы жасына
Жүрегім қалай боялмас!
Ұйқтаған адам ғасырға,
Білемін, қайта оянбас.
Өлімің, Мұқа, тым батты,
Өзегін өртеп талайдың.
Ізіңе сенің қымбатты,
Егіле тұрып қараймын:
Сияңмен салған суретін
Сəулетті Қараш-қарашың,
Жабырқау жаны бұл жетім,
Түсіне ме екен жарасын?
Толғаған өзің жыр жазып
Шалкөдең, самал Қарқараң,
Көрінді бір сəт құлазып,
Секілді тойы тарқаған.
Көңліңде дəйім жыр болған
Көрікті таулар асқары,
Кеудесі бейне толы арман,
Бозарып жатыр бастары!..
Сөзіңе тосып құлағын,
Сарыла тыңдар асқарлар,
Ағытып кейде бұлағын,
Аңыра тұрып еске алар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу