file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  140


Автор: Ғали Орманов

ТУЫСҚАНДЫҚ ТЫНЫС

Туысқан достар, Берді аға,
Тоғысқан тойлы бұл шақта,
Шаттықтың шағы бір ғана
Сыяр ма жайсақ, құшаққа!
Түрікмен халқын түгел біз
Көреміз бүгін сендерден:
Папахты қарттар, ұл мен қыз
Секілді келіп қол берген.
Ортада өзі тұрғандай
Атақты Мақтымқұлының.
Қалың жұрт көңілін бұрғандай
Сіңлісі Меңлі сұлудың.
Жетелеп жəне жеттіңдер
Қарақұм, Мұрғап каналын.
Қандырып шөлін өттіңдер
Жолдағы қыруар даланың.
Тарттыңдар түрікмен жерінен
Феруза, Алтын бұлақты.
Жырларың бүгін төрімнен
Төгіліп тұрған сияқты.
Туысы бөлек тұп-тұтас
Түрікмен жыры жан елтер:
Тұрпаты қыран құсқа ұқсас
Секілді теке-жаумиттер.
Өлеңге ортақ енгендей,
Небіт-дағ жəне Гурьев:
Өркешті өңкей інгендей,
Жағада қатар тұр иіп.
Алыстан үзбей қарасқан
Алатау, Копет-дағлары;
Баурайы майса жарасқан
Қазақ пен түрікмен баулары...
Қуанышымды айтар, Берді аға
Қуатты сөздер таба алмай,
Қолымнан келер сол ғана:
Құшайын туған ағамдай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу