file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  134


Автор: Ғали Орманов

ЖЫР АЗЫҒЫ

Шалқыған Қара теңізді
Жағалай жүріп не көрдім?
Жарылқап нелер тергізді,
Жадыма тынбай нені өрдім?
Жаныма лəззат алғандай,
Жалында жүрдім толқынның.
Тереңнен терген маржандай
Көңілге жырлар тоқыдым.
Қаймықсам, толқын қаумалап,
Жабыла мені тербетті;
Қанатын жая сан қабат,
Тереңге құлаш серметті.
Жағаға шықсам, ну ағаш
Басыма тікті көлеңке.
Аралай жүріп соны алғаш,
Өзімді сездім мен ерке.
Тауына барсам серуендеп,
Кілемін жайды көк шалғын.
Төменге түссем, кел-кел деп
Теңізі жайды құшағын.
Жағадан бір күн аттандым,
Теңіз бен тауға қош айтып,
Байқаусыз, бəлкім, мақтандым,
Сырымды, сірə, қоса айтып:
«Қуана қайттым өлкеңнен
Жүгің жоқ деме салмақты.
Қарқ боп елге кетем мен,
Көтеріп түгел жан-жақты.
Жылдарым азық қылғандай,
Тояттап ұштым ұяңнан.
Есімде ұзақ қалғандай,
Қызықтар жидым қияңнан.
Қарайды солар жолда, əне,
Десе ме жайын айта жүр...
Өзімді сезем олжалы,
Жүгім көп менің, əйтеуір!..»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу