Аңыздар ✍️
Аңыздар ✍️
11.07.2022
106
САБАН ТАУ АҢЫЗЫ
Шаншылып биік қабақта,
Шағылған күнге ақ діңгек.
Тоғысады осы алапта,
Алыстан күнде əркім кеп.
Жеңістің ол бір шегесі
Жеріне мықтап ел қаққан;
Мызғымас ерлік белгісі
Қырымға мəңгі орнатқан.
Тұғыры берік Сабын тау,
Сақтаған сырын ол есте.
Осында қирап қалың жау,
Қарасы өшкен келмеске!..
Түрік те бұрын сасыпты,
Аттары өрде сабын боп;
Жөңкіле кейін қашыпты,
Жасағын отап жалын, оқ.
Ауызда сол сөз əлі бар,
Аужайы жауға тым қатал.
Белгіден сонау танылар
Қайыспас, қайсар сол қаһар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter