Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  177


Автор: Ғали Орманов

ҚЫЗҒАНЫШ

Қарауытқан іңірде
Теңіз маңы тым-тырыс.
Тек тоғайлы өңірде
Сыңғырайды жыршы құс.
Теңізде кім болды екен,
Шалынады бір дауыс?
Табысар жер сол ма екен,
Өзгелерден қалтарыс?
Жүр ме жүзіп не жігіт,
Қасында ерке балғын қыз?
Əлде суға шомылып,
Ойнап жүр ме ай, жұлдыз?
Қорығандай өңгеден
Қара теңіз соларды,
Толқып келіп көлденең,
Жағалауды соғады...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу