Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2022
176

ҚҰШАҚ
Жатыр шалқып алдымда
Өлең-жырдың теңізі.
Жетпесем де маңына,
Желпиді кеп лебізі.
Келбетіне көкпеңбек
Көп қараймын таңырқап.
Бірақ мені бөтен деп
Қымсынбайды жатырқап.
Ашып-жұмып көзін тек,
Əзір жым-жырт қарайды,
Тартынбасам өзім тек,
Толқынына ол орайды.
Сабасына құйғандай
Өлең-жырын жер жүзі.
Соны бізге қиғандай,
Тербер əлі-ақ ол бізді.
Күндіз жүзіп күн бірге,
Түнде бізге ай қарар.
Теңіз бөлеп мөлдірге,
Құшақтар да аймалар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter