file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  129


Автор: Ғали Орманов

ОТАР КЕШІ

Кешкісін əн тыңдаймыз, күй тыңдаймыз,
Думанның өзіміз бір жұртындаймыз.
Сымсыз тіл жазатайым тына қалса,
Жалтақтап жалғағанша, қылпылдаймыз.
Тыңдайды қойшы да оны жарыменен,
Жарылқап жан көңілін барыменен.
Қалжыңын, əн үзілсе қосады əкеп,
Кеткендей құлағына жағып өлең.
– Оқимыз күнде осылай өмір жайын,
Əн мен күй жеткізед ел үнін дəйім.
Күпті етпей көңілімізді құм ішінде,
Сақтаймыз қолымызда ауа райын...
Бірақ ол демейді əсте қысын жайсыз,
Ондай сөз, тəрізі оған тіпті ыңғайсыз,
– Демеңіз қоныс шалғай, – деп күледі –
Мұнда да еш нəрседен ұтылмайсыз!..
Доғарып сөзін кенет қойшы бірақ,
Қосады радиосын қайта бұрап.
Тым-тырыс құм ұйқысын селт еткізіп,
Кетеді əн төгіліп, күй сылдырап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу