Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2022
237

ТҮЗ БОРАНЫ
Төңіректі шырт бүркеп,
Соғады түз бораны.
Бұрқырайды ақ түтек,
Көрсетпей үй, қораны.
Қарайғанды жым-жылас
Қымтайды қар астына...
Сол боранға мызғымас
Сүйсінесің малшыға.
Үйге кірсең, жел дүлей
Жұлқылайды есікті.
«Соқыр, мылқау» əңгідей,
Елемейді ол түкті.
Арпалыса жүгіріп,
Азынайды, ұлиды.
Алай-түлей үйіріп,
Қуады əппақ құйынды...
Кенет ешбір жоқ дыбыс,
Шаршағанға ұқсайды.
Ақ жамылып, тым-тырыс,
Айналаңа ұйқтайды...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter