file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  157


Автор: Ғали Орманов

ТОБЫЛ ТӨСІНДЕ

Толқыны торғын Тобылдың
Төсінде тауып тыныштық,
Сүйсіне мен де шомылдым,
Қапырық кезде күн ыстық.
Құшағы жұмсақ көк өзен
Қуана сүйді аймалап.
Мінезін ептеп сезем мен,
Қала алсын қалай жай қарап!
Дамылсыз жүзі дірілдеп,
Бауырына баяу қысады.
Көргенде көзі күлімдеп
Анаң да солай құшады...
Көлбеген жібек толқынға
Ойнасам қанша оранып,
Көнеді Тобыл ырқыма,
Көңілшек ана ол анық.
Рақатын бүйтіп көрмеп ем,
Сүйсіне жүзіп ғұмыры:
Сескенер емес ол менен
Секілді сүйген бір ұлы!..
Қараймын Сырбай, Қасымға,
Қарқылдап күлген жағада;
Қалжыңы менің шашым ба,
Секілді əппақ шағала?
Кінəлі өзім, білем мен,
Келмесем мұнда ертерек...
Тобылдан бірақ егде емен,
Кетейін мен де еркелеп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу