file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  156


Автор: Ғали Орманов

ҚАРҚАРА

Келбетің əсем, Қарқара,
Көкала жолақ кілемдей.
Жатырсың жайнап ортада,
Құшағың мəуе-гүл өңкей.
Төріңде биік Мыңжылқы,
Төбесі күміс – мұз, ақ қар.
Көрмейді түнде түк ұйқы
Төгіле өрген бұлақтар.
Төменде жатқан Шөладыр
Тастаған сырып көрпеңдей.
Төбелер тізбек сонау бір
Толқында жүрген желкендей.
Оранған өңкей бүлдеге
Қызықпас, шіркін, саған кім!
Түтеген ыстық шілдеде
Желпиді жұмсақ самалың.
Құбылып алуан толқыны
Шалғының желге шалқиды.
Ауаңа мас қып солғұрлы,
Шөптерің жұпар аңқиды.
Төсіңде түлік төлі өсіп,
Тартыпсың жүлде өренге.
Алдымнан ашқан кең есік
Ұқсайсың түгел өлеңге.
Дəулетке толы сай-сала
Көңлімді күйше тұр аулап.
Бауырымды төсеп майсаңа,
Кетейін мен де бір аунап!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу