Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2022
95
ОЙ ЖҮГІРІП ƏР САҚҚА...
Уақыт, заман сипаты жайында мен,
Талай-талай жыр жазып, пайымдап ем,
Мынау тұста шашырап шартарапқа
Жинап-жинап аламын ойымды əрең.
Бəлкім, шапшаң құбылған өзгерістен
Қала ма екен ажырап ой өрістен?
Бəлкім бағзы қалыптан шыға алмайды
Бой үйренген, баяғы көз көріскен?
Мен өткеннің ете алман бəрін мансұқ,
Болғанменен жаңалық жанға таңсық.
Өмір қалды айнаның сынығындай,
Оны бүтін етпейсің жамап, аршып.
Бар қырсығы, қызығы, бейнетімен,
Бар қисығы, кескіні, келбетімен,
Сол айнаға түп-түгел түсті бəрі
Менің жүрген тарихым жер бетімен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter