file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  128


Автор: Ғафу Қайырбеков

ТҮЙІН

Əрине, табиғатта ұлы күш бар,
Əрекет, əлемдегі құбылыстар.
Ой болса, əкетеді нелер саққа,
Көз болса, мыңнан соның бірін ұстар.
Түбі жоқ, дүние бір тесік қазан,
Бер жағы, ар жағы да азан-қазан.
Дəл сондай шуы болмаса, дүние болмас,
Қаншама қашқанымен сенің мазаң.
Балық та, көгершін де, құмырсқа да
Тырмысқан тіршілікке, тұрмысқа да.
Бір мезгіл соларға да қарау керек,
Мəн беріп құбылысқа, мың нұсқаға.
Алған соң ерекше ми, адам атын,
Соларға ой көзімен қадалатын,
Қиялдың айнасына түсіретін,
Атқарып тілсіздердің аманатын.
Кейде бір осындайды жазады ақын.
Ғафу ет, өлең сөздің сыншылары,
Жұмбақ қой ортақ ойдан кім шығары.
Қадаған бұл да шабыт бір шыбығы,
Бойлаған болмаса да сөз шынары...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу