Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2022
133
Кешір мені, азырақ мұңға батсам...
Кешір мені, азырақ мұңға батсам,
Адам едім қайтуым мүлде шапшаң.
Көңіл-тұяқ тағы да тағаладым,
Мұқалмайтын баяғы күнде шапсаң.
Өзі жасық жандардан жасу шықпас,
Əйел емес, ер адам жасын сықпас.
Кел, замандас, кел бері асыл тұстас,
Жаманды қой, үйіңе басын сұқпас!
Қалай десең, өмір-ау, сен жақсысың,
Тəттісің де ұсынар, кейде ащысың,
Сені ардақап, бəрібір сені сүйіп,
Тағы да ақын бел буып жолға шықсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter