Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  131


Автор: Ғафу Қайырбеков

Атымтайдың айтқаны пайдалы: екен..

Атымтайдың айтқаны пайдалы: екен,
Соны еске алып, көңілді қайран етем.
Қызық жасап беретін, күн көбейтіп,
Қызық-қызық адамдар қайда кеткен?
Бір-біріне ұқсаған жұрттың бəрі,
Сөздің əлі азайған, күлкі нəрі.
Қара бастың қамынан қолы тимей,
Жинай алмай жатқандар мүлкін əлі.
Ағайын-дос дегеннің мағынасы –
Тірліктегі жаныңның қазынасы –
Затқа айналса, шараң не, аларманның
Берерменге айтатын базынасы.
Қадірлестік, сыйластық – ұран еді,
Өміріңді ұзартар құрал еді.
Шөп шабуға шалғысыз шыға келген
Ал, бауырым, қайтесің мына мені?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу