Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  159


Автор: Ғафу Қайырбеков

Ай едің сен жолыңа түскен жарық...

Ай едің сен жолыңа түскен жарық, –
Тіршілікті тұратын үстен бағып.
Ақылыңнан бөліп бер, мен қайтемін,
Өткен өмір барады түске айналып?
Сөйте-сөйте кете ме ұйқы жеңіп,
Бізді жұтар жайынның ұрты кеңіп,
Таң атқанда қарасақ, о керемет,
Кешегіден қалыпты бір күн кеміп.
Соған да біз қуанып, мəз боламыз,
Бүгін қария – кешегі бозбаламыз.
Баяны жоқ дүние – бəз баяғы
Айта-айта бұл да бір тозған аңыз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу