Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  81


Автор: Ғафу Қайырбеков

Тазаға қосып тазаны –

Тазаға қосып тазаны –
Дертіңді жуар қайдағы.
Табиғаттың қазаны –
«Рахманның қайнары».
Дүниенің тозаңы
Жабыса кетер жайдағы
Арылады, тозады,
Басталып тірлік майданы.
Болмайсың мұнда күнде əбігер
Емшінің алдын тосумен.
Қалмайды жəне құм боп жігер
Ауруға ауру қосумен.
Алтайдың өзі ұлы дəрігер –
Тепе-тең ғазиз досыңмен.
Үстіңнен үнсіз төніп тек,
Тамырдың қуып бас-басын,
Сүйекті санап, жіліктеп
Сырқатты тұсты тап басып.
Ұялар тұзы түймедей
Шымырлап, сіңіп қадалып,
Ауруды жұлған инедей, –
Істеген емнің бəрі анық.
Денеңнің бəрі жұп-жұмсақ
Шыққандай жаңа жөргектен.
Хош иіс тауда гүлге ұқсап
Ақ самал басын тербеткен,
Алғашқы сəби иісіңді
Қайтарып беріп жер-көктен.
Алғашқы ғашық сүйісіңді
Сыйлайтын жүрек дəметкен.
Алмайтын қазына-мүлкіңді,
Алтайға емес ол дəрі,
Дүние деген түлкіңді
Бұраңдап тұрған жолдағы
Ол да сынап көрген ғой,
Жетсе ақынның толғағы
Əсем жыр мен көркем ой
Тастап кетсе болғаны...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу