Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  105


Автор: Ғафу Қайырбеков

Рахманов аңшы екен...

Рахманов аңшы екен,
Таудан марал атыпты.
Əккі мерген – қан шекпен
Қара саннан тартыпты.
Жосаланған сол марал
Жоталардан жүздеген
Асып барып, бір амал
Жарасына іздеген.
Іздеген де, тапқан ол –
Жанталаста жанға сеп.
Екі күндей жатқан ол
Бір шалшыққа жон төсеп.
Ал содан соң ойнақтап,
Жайлауына қосылған.
Мерген: «Не?» – деп, ойлап қап,
Жауап тапқан тосыннан.
Мынау қайнар – сол қайнар,
Ыстығы өтіп жіліктен.
Денеңдегі сорды айдар
Ылғи күміс шыбықпен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу