Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  504


Автор: Ғафу Қайырбеков

Саңырауқұлақ – керегі...

Саңырауқұлақ – керегі, –
Ен орманда кісі көп.
Сарышаштар тереді,
Қара шаштың ісі жоқ.
Жігіт сергек, қыз жайраң, –
Жылдам аяқ басуы...
Бұл да ғажап бір мейрам –
Алтын күздің шашуы.
Неткен тегін несібе, –
Бəрі жеміс – жан-жағың.
Балық көлдің төсінде
Қауып тұрса қармағың.
Бос қалтамен келіп-ақ,
Мұнда бəрі тойынар,
Қос қалтаны керіп ап
Байып қайту ойы бар.
Өз ішінде есебі, –
Пысықтарың көп-ақ қой.
Бəрін де Алтай кешеді,
Алтай, шіркін, жомарт қой...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу