Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2022
71
– Демесін жұрт: Бос кепті –
– Демесін жұрт: «Бос кепті –
Дəметуге кісі əлек,
Мына біреу кеспекті
Қолтығыңа қыса кет!» –
Дейді саған бір аға –
(Көңіл – дария, жан – көпір),
«Балды Алтайдан сыбаға, –
Бармағыңды мал да отыр!
Қашанда Алтай атағын
Аспандатқан дəм еді.
Батасы бұл –Атаның,
Баласының сəлемі!»
Қандай тəтті сөз еді
Күн сəулесін тұтқандай.
Балқып көңілің, өзегің
Балмен қосып жұтқандай!
Шіркін, Алтай жұмбақ қой,
Алтындатқан сауырын.
Бəрінен де қымбат қой
Балдай көңілі бауырдың!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter