Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  76


Автор: Ғафу Қайырбеков

Балқарағай – кедірдің

Балқарағай – кедірдің
Қазақша аты бұл жақта.
Сеңсең бөрік сеңгірдің
Дəл басында, құндақта.
Қауашақтар, сауыттар
Қабат-қабат құрсанған.
Жинағандай сауып бал,
Екеу-екеу дəн салған.
Соны шағып мəз болған
Ормандағы тіршілік –
Тек төменде біз қалған
Жетпей қолы, күрсініп.
Жел соғады суылдап,
Сабағынан сонда ыршып,
Төгіледі сауылдап
Тас төбеңнен бал бүршік,
Қыз-келіншек ал мұнда
Қуанысар, дауыстар.
Балқарағай бауырында
Бал татыған байғұстар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу