Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2022
109
Жер өзінің баласын
Жер өзінің баласын
Асырауға жаралған.
Келтірмейміз шамасын –
Еш күні жоқ дем алған.
Сенде мақсат əманда –
Аз беру мен көп алу.
Орын алмас санаңда
Сарқылу мен жоғалу.
Жəне оның үстіне
Өшіресің, өртейсің.
Болмайды əсте ішіңде –
«Көбейсін» мен «көркейсін».
Жетіп жатыр табиғат –
Дəулетің бар онда сан.
Еңбегіңнің бəрі сəт –
Аялдасаң, қорғасаң.
Балқарағай тіршілік
Соны сақта, сал айқай! –
Деді-дағы күрсініп,
Қала берді өр Алтай...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter