Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.07.2022
134

АМАЛ ЖОҚ
«Аға кетті!» – деген сөз,
Еркелік кетті – деген сөз.
Балалықтан қалған көйлек бөз
Өртеніп кетті деген сөз.
Өнері шебер, жақсы ұста,
Қайтпайтын тұсқа сен бардың.
Кəрілікке кетер басқышта
Бөркімді ұстап мен қалдым.
Екі рет соққан жетімдік –
Қиын ғой ердің басына.
Амал жоқ, қайттық, бекіндік
Жазмыштан түскен жасынға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇